Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тапанша оң қолында болған, оқ оң жақ самайына тиген: Көз жұмған Ұлттық ұлан сарбазына қатысты жаңа деректер айтылды

0 149

Алматыда Ұлттық ұлан сарбазы басына оқ тиіп ажал құшқан. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшартпен қызмет еткен 21 жастағы әскери өз-өзін табельді Макаров тапаншасынан атып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға қатардағы сарбаз Абылай Сабыров маңызды стратегиялық нысанда қарауылда болған кезде орын алған. Ведомство басшылығының мәліметінше, бұл кезде ол жалғыз болған, мәйіті де сол жерден табылған. Артында қарт ата-анасы мен бауырлары қалды.

«Қатардағы жауынгер Сабыров резервте болған, яғни бекетте болған жоқ. Түскі ас уақытында, шамамен 14:00-де, 5-бекетте тұрған қызметтесін алмастырды. Ол қызметтесі түскі ас ішіп келгенге дейін бекетте тұруы керек болған. Осы бір сағат аралығында орын алып отыр. Тапанша оң қолында болған, оң жақ самайына тиген. Өзін-өзі жаралаған деуге болғады. Жанында ешкім болған жоқ. Сондықтан болжам айту қиын. Тергеу шараларының нәтижесінде анықталады. Заңға сәйкес өтемақы төленеді», – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы басшысының орынбасары Ниязбек Алкешев.

Сабыров 3650 әскери бөлімінде қызмет еткен, Жетісу облысының тумасы. 23 тамызда мәйіті туыстарына табысталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.