Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодар әкімі мектептерде өзара сыйластық сабағын өткізуді ұсынды

0 132

Дәстүрлі тамыз конференциясында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бірінші кезекте  эмоционалдық тәрбиеге ерекше мән беру керек екенін атап өтті деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әринеэмоционалдық тәрбиені  отбасынан бастау керекБұл ретте барлық жауапкершілікті мұғалімдерге жүктеп отырған жоқпынБірақ бүгінгі тамыз конференциясында  педагогтардың қандай үлес қоса алатыны туралы айтатын боламынЭмоционалды тәрбиенің мақсаты – баланы өз эмоцияларын түсінуге және толық білуге үйретуСондайақ басқаларға жанашырлық танытуЕгер бала жанашырлық таныта алмасатуған жерге және отандастарына  деген ыстық сезімді ояту қиын екені белгілі», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі эмоционалдық  тәрбиеге қатысты бірнеше мысалдарға тоқталып өтті. Мәселен, америкалық ғалымдардың 20 жылдан астам жүргізген зерттеулері әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары бар студенттер орта есеппен алғанда эмоционалдық  тәрбиесіз құрдастарымен салыстырғанда стандартталған тестілер бойынша 11% жоғары балл алатынын көрсеткен.

Сонымен қатар, АҚШ және Еуропада ғалымдары да әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары бар жасөспірімдер арасында есірткі қолдану және девиантты мінез-құлық жағдайлары басқа тест-тобына қарағанда 6% аз екенін анықтаған. Ал психологиялық бұзылу жағдайлары 13,5%-ға төмен болған.

«Жаңалықтарда жиі шығып жатқан балалардың қатысуымен болған жан түршігерлік оқиғаларды ескеретін болсақдәл қазір бізге қажет нәрсе осы емес пеЕң алдыменәрбір балабақшаныңмектептіңколледждің және университеттің қабырғаларында жағымды және қауіпсіз климат құру керек.   Ал мұны сыныптан тыс жасауға боладыМысалыэмпатия сабағыөзара сыйластық сабағы немесе тіпті эмоционалды интеллект сабағы деп атауға боладыЖалпы атауы туралы ойлану керек», – деді Әбілқайыр Сқақов. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.