Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҚР ПІБ медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицина орталығында республикалық БАҚ өкілдері мен блогерлерге баспасөз туры өтті

0 398

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығында республикалық БАҚ өкілдері мен блогерлерге баспасөз туры өтті. Орталық жақын арада пайдалануға беріледі.

Ядролық медицина орталығы циклотронды-өндірістік кешен мен диагностикалық блоктан тұрады. ҚР ПІБ МОА Ядролық медицина орталығының бірегейлігі оның өндірістік кешенінде жатыр, онда ПЭТ – диагностикада пайдаланылатын GMP стандарттары бойынша 9 радиофармпрепарат препараттарының үлкен желісі өндірілетін болады. Олар ПЭТ-диагностикасына қолданылады, бұл диагноз қою қиын обыр ауруларын, сондай-ақ кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте кезеңде айырып тануға мүмкіндік береді. Бұл препараттардың 8-і бұрын Қазақстанда өндірілмеген.

Ядролық медицина орталығының циклотронды-өндірістік кешенінің бастығы Индира Тлеулесова баспасөз туры барысында журналистерді циклотронды кешеннің жұмысымен таныстырды.

«Ядролық медицина орталығының бірегейлігі – оның өндірістік кешенінде. онда ПЭТ-диагностикада қолданылатын GMP стандарттары бойынша 9 радиофармпрепараттар желісі өндірілетін болады»,- деп түсіндірді ол.
Диагностикалық блокта Ядролық медицина орталығы басшысының м.а. Айгүл Садуақасова бүгінгі таңда әлемдік медицина индустриясында қолжетімді сезімталдығы жоғары позитронды эмиссиялық компьютерлік томографпен (ПЭТ/КТ) таныстырды.

«Диагностикалық блоктың негізі – бүгінгі таңда әлемдік медицина индустриясында қолжетімді сезімталдығы жоғары позитронды эмиссиялық компьютерлік томограф (ПЭТ/КТ сканері). Жоғары сканерлеу жылдамдығына ие аппарат сонымен қатар ПЭТ/КТ зерттеуінен өтетін пациенттерді толығырақ қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Орталық Азия мен ТМД елдерінде бұл аппараттың баламасы жоқ» – деді А. Садуақасова.

ПЭТ/КТ медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрігердің жолдамасы бойынша және онкология бойынша есепте тұрған қазақстандықтарға қолжетімді. Ядролық медицина орталығының ашылуы пациенттердің зерттеулерге кезегін анағұрлым азайтуға (қазір пациенттер зерттеуге 3-4 ай бұрын жазылады) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттердің ПЭТ/КТ зерттеулерінің санын жылына 3 мыңнан 7 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.