Қалалық қоғамдық-саяси газет

25 жыл жұмыс өтілі бар ұстаздар марапатталуы мүмкін

0 300

25 жыл жұмыс өтілі бар мұғалімдер «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісімен марапатталуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің қаулысында көрсетілген деп хабарлады turkystan.kz.

««Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі 25 жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар ұстаздарға беріледі. Оның мақсаты – 25 жылдық ерен еңбегін елеп, осы қызметте сіңірген үлесін ескеру және оған ризашылық білдіру. Құрмет белгісі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, мамандандырылған арнайы білім беру орындарының, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектептердің педагогтеріне беріледі», – делінген министрлік құжатында.

Айта кетсек, қаулы жобасы биылғы 5 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.