Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодардағы жасөспрімнің зорлануы: Патронат анасы жәбірленушіні күдіктілердің біріне ұзатуды ұсынып, қысым көрсеткен

0 295

Павлодарда бір топ ер адам зорлап, кейін 10-қабаттан секіріп кеткен қыздың әпкесі патронат анасының тарапынан қысым көргенін мәлімдеді. Сөзінше, әйел қызды күдіктілердің біріне ұзатуды ұсынған. Әрі жасөспірімге жаман мінездеме беретінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

НеМолчи қорының басшысы, құқық қорғаушы Дина Смаилова көптің жағасын ұстатқан жағдайға қатысты жаңа деректермен бөлісті.

«Топ болып зорлаған соң өзіне қол салған Ксенияның әпкесіне бұрынғы патронат анасы қысым көрсетіп, қоқан-лоқы жасаған. Оның не айтқанын тыңдап көріңіздер. Ксенияға жаман мінездеме беретінін айтқан аудиожазба бар», – дейді ол.

Зардап шеккен жасөспірімнің әпкесі ұсынған аудиохабарламада күдіктілердің бірінің әкесі патронат анамен кездескені жайлы айтылған.

«Ол кісі маған келді. Тіпті аяп кеттім. Ксенияны да аяймын. Дегенмен бұл кімге жеңіл болады? Ол балалар үшін барлығын жасайтынын айтты, бастысы ұлын қамауға алмаса дейді. Жалғыз ұлы екен. Қазір жасы 18-де, тіпті 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тек ата-анасы ғана қиналады. Ойланып көрші, кімге жеңіл болады. Тек ата-анасының қиналатыны жаман

Барлығы өтеді. Әлі-ақ қалпына келеді. Барлығымыз Құдайдың қарауындамыз. Бала 15 жыл түрмеде отырады. Егер жақсы адвокат тапса, босап шығады. Даша, күдіктілердің екеуі ақталып шығады. Ата-анасының ықпалы бар болу керек», – делінген аудиохабарламада.

Құқық қорғаушының сөзінше, қазір апалы-сіңілілерге жаппай шабуыл басталған. Ал кей блогерлер зардап шеккен жасөспірім туралы ақпарат жинап, әлеуметтік желіде атына кір келтіруге тырысып жатыр дейді.

«Ксенияның жағдайы ауыр, денсаулығы нашарлап кетті. Қыздарды бақылауға алуды, іске қатысы бар адамдардан олармен байланысқа шықпайтыны туралы қолхат алуды сұраймыз», – деп түйіндеді Дина Смаилова.

Еске салайық, белсенді Дина Смаилова Павлодарда 16 жастағы жетім қыздың зорланғанын мәлімдеген еді. НеМолчи қорының басшысы ұсынған мәліметтерге сәйкес, қыз зорлыққа шыдамай 10-қабаттан секіріп кеткен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.