Қалалық қоғамдық-саяси газет

Украинада депутаттар мен мемлекеттік қызметшілерге бір апта жұмысқа келмеу ұсынылды

0 993

Киевтің үкімет кварталында орналасқан мекеме қызметкерлеріне 22-26 тамыз аралығында қашықтан жұмыс істеу ұсынылды. Бұл туралы ел парламенті мен үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап «Украинская правда» басылымы жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Киевтің үкімет кварталында парламент, президент кеңсесі, үкімет, Украина Ұлттық банкі және т.б. ғимараттар орналасқан.

Келесі аптада Украина Ту күні мен Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Осыған байланысты Киевтегі барлық кездесу мен іс-шара тоқтатылады, деп жазады  ТСН басылымы.

«Украинская правда» басылымына дереккөз берген ақпарат бойынша, бұл күндері Украинаның мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне үкімет кварталына «мүмкіндігінше келмеуге» кеңес беріледі.

Жоғарғы Раданың қашықтан жұмыс істеуі туралы шешімі қабылданып қойған және халықаралық делегациялармен жұмыс істейтін және келесі отырыстарға дайындыққа қатысатын мамандарға ғана қатысты емес екені атап өтілді.

20 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Ресей келесі аптада «ерекше қатыгез әрекеттерге» баруы мүмкін екенін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.