Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талдықорғанда көшенің ортасында ер адам әйелді соққыға жыққан

0 200

Жетісу өңіріндегі Талдықорған қаласының орталығында ер адам әйелді соққыға жыққан. Бұл оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде 20 тамызда соққыға жығылған әйелдің видеосы пайда болды. Кадрда ер адамның көшеде отырған әйелге бірнеше рет соққы жасағаны көрінеді. Содан кейін ол оны ғимаратқа сүйреп кіргізбекші болады.

Жетісу облысының полиция департаменті кадрлардағы ер адамды іздеуге кірісіпті.

«Аталған оқиға 20 тамыз күні кешке Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр көшесінің бойында Ақын Сара көшесінің бойында болған. Қалалық полицияға хабарлама немесе арыз түскен жоқ. Осыған байланысты жанжалға қатысушыларды анықтау үшін қажетті іздестіру шаралары ұйымдастырылды», – деп хабарлады полицияда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.