Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бақылаушы «Барыс» құрамасының КХЛ плей-офф кезеңіне өтуінің басты шартын атады

0 875

Ресейлік хоккей бақылаушысы Алексей Шевченко Нұр-Сұлтанда өткен ҚР Президентінің Кубогын жергілікті «Барыс» жеңіп алған жарыстың қорытындысын шығарып, пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sport.kz порталына сілтеме жасап.

«Қазақстандағы турнир Барыстың жеңісімен аяқталды. Шешуші кездесуде Андрей Скабелка шәкірттері «Металлургты» негізгі уақытта жеңді. Дегенмен кубокты алып кету үшін магнитогорлықтар бір ұпай жинауы керек еді.

Бұл матчтарда не көрдік? Металлургтер жақ мүлде өзгермеген. Әзірге олар өз мүмкіндіктерінің 30-40 пайызын ғана ойнайды. Тіпті кейде тартыс болмағандықтан хоккейшілер жалығып кетіп жатады. Қақпашы Эдвард Паскуале олардың әрекетіне ренжіді”,- деді Шевченко.

Бақылаушы осы орайда “Барыс” құрамасының ойынына көңілі толғанын айта кетті.

«Барыс»таңқалдырды. Өз алаңындағы турнирде олардың ынталы болғаны анық. Бапкер де кадр тапшылығына қарамастан өте қызықты команда көрсете білді. Джереми Бракко мен Энтони Луи тамаша үйлеседі. Бірақ клубқа қақпашы іздеу керек. Өйткені бірінші нөмірсіз тіпті плей-оффқа өту өте қиын болады. Шығыс конференциясындағы бәсеке өте ауыр болмақ», – деп жазды Шевченко.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.