2022 жылғы 20 тамыз күні сағат 11.00-де Қостанай қаласында «QAZBILIM QOSTANAY» Ұлттық лицейінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Ашылу салтанатына мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ білім саласының өкілдері қатысты.
Іс-шараның ашуылуына Қостанай облыс Білім басқармасы орта білім бөлімінің меңгерушісі – Есмурзина Қарлыға Амангелдіқызы, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ардагер ұстаз – Қалқаман Хасенұлы Жақып, ақын, журналист – Абылай Фазылханұлы, Ы.Алтынсарин музейінің директоры – Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар мен қала тұрғындары қатысты.
Ашылуында сөз алған ардагер ұстаз Қалқаман Хасенұлы: «Тұңғыштардың мекені, Тобыл жағасындағы – Қостанай қаласында қазақ тілінде білім беретін ұлттық лицейдің ашылғанына өте қуаныштымын. Ұлтжанды азамат – Аятжан Аяхметжанұлының ел білімне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қазақстан бойынша ашылып жатқан үш ұлттық лицейдің біреуі біздің өңірде ашылғаны, біздің өңірдің балаларына білім беретіндігі үлкен мәртебе деп біліменін»,-дейді ұстаз.
Шара барысында сөз алған Торғай өңірінің белгілі ұстазы Айсауле «20 жыл көлемінде қазағы аз Қостанай өңірінде қазақы рухты жастарды тәрбиелеуге үлесімді қосып жүрген ұстаздардың бірімін. Қытай, Моңғлиядан, алтайдың арғы жағынан келген қандас жастардың бойындағы рухты өз өңірімдегі жастардың бойынан көрсем деп армандайтынмын. Сол арманымыз шынға, қиялымыз, түсіміздегі дүниеміз өңімізге ұлттық мектеп болып келіп жатыр. Мектептің ашылуына менен артық қунаған жан жоқ шығар», – деп өз сөзін түйіндеді ұстаз.
Шара аясында ардагер ұстаз Қалқаман Хасенұлы аталған білім ордасының құрылтайшысы Аятжан Ахметжанұлына шапан жауып, сый-сыяпатын көрсетті.