Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жаяу жүруден шаршадым»: көлік ұрлаған жігіт кінәсін мойындады (ВИДЕО)

0 222

Жамбыл облысында ішімдік ішкен 17 жастағы жігіт біреудің көлігін айдап әкеткен деп хабарлады turkystan.kz аймақтық ПД-ға сілтеме жасап.

Сарысу ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі патрульдеу кезінде Жаңатас қаласының орталық көшелерінің бірінде қозғалысы күдік тудырған автокөлікті байқаған. Аталған көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы ескертуін елемей, бағытын өзгертіп қашпақшы болғанда жол шетіндегі цемент қапталға соғылған.

Құқықбұзушы кәмелетке толмаған 17 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ оның біреудің көлігін ұрлап айдап кеткендігі және масаң күйде болғаны анықталды. Алайда иесі көлігінің ұрланғандығынан хабарсыз болған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сиымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар оған ҚР ӘҚБтК 608-бабы 8-бөлігімен хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда ол Жамбыл облыстық Білім басқармасының қызметкерлерімен Тараз қаласындағы Жасөспірімдер үйіне жеткізілді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, жасөспірім полицейлерге жаяу жүруден шаршағанын мойындаған. Енді жігітті айыппұл және қылмыстық жаза күтіп тұр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.