Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз беріп келген топ ұсталды

0 212

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында түсірілген видео жарияланған. Көп ұзамай полиция видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеодан полицейлер мен арнайы киімдегі әскерилердің халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіріп кіргенін көруге болады. Көп ұзамай полиция жүргізуші куәлігін заңсыз беріп келген топтың ұсталғанын мәлімдеді.

“Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік құралдарын басқару үшін жүргізуші куәліктерін беру бойынша халыққа заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті”, – делінген хабарламада.

Тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әрбір қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.