Қалалық қоғамдық-саяси газет

Семейде студенттер есірткі таратумен қосымша жұмыс ретінде айналысқан: Жастарға 15 жылға сотталу қауіпі төніп тұр

0 325

Семей қаласының маңында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан студенттер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі мәліметінше, үш күдікті де 18 жаста және жергілікті колледждердің бірінде оқиды. Олар есірткі сатушылардан Telegram арналар мен психотроптық заттарды сататын сайттар арқылы тапсырыс алған.

Олардың жұмысы Семей аумағында есірткіні жеткізу болған. Тінту кезінде олардан жалпы салмағы 13 грамнан асатын, үлкен өлшемді құрайтын синтетикалық «Альфа-ПВП» есірткісі салынған,  полиэтиленге оралған 34 түйіншек  табылды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Есірткі бизнесіне жастар әдетте қосымша жұмыс іздеп жиі түсіп кетеді. Осы орайда полиция ата-аналарды сақ болуға шақырады.

«Жұмыс сипатын тексермей сайт әкімшісі, курьер ретіндегі қызметке орналасу туралы ұсыныстарды қабылдамаңыздар. Әдетте жұмыс берушілер жоғары табыс пен кез келген уақытта бизнестен кәсіпті тастап кете алу мүмкіндігімен жастарды қызықтырады. Дегенмен есірткі таратушылар мен есірткі жеткізушілерді полиция ұстап, сот үкімімен ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырып жатады», – деді полиция.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.