Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

0 357

Шығыс Қазақстан облысы Риддер ауданында түнде қар жауды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Суретті Алексей Наконечный есімді азамат түсірген. Спорт базасы орналасқан 1 870 метр биіктікте қар түскен. Қазір сурет желіде қызу талқыланып жатыр.

Ақпаратты «Қазгидромет» мамандары да растады.

«Риддердің өзінде және метеостанцияда қар жоқ. Қазір таулы аймақтарда жауын жауып жатыр. Қар аралас жаңбыр. Бірақ Риддерде және оның маңында бұл – қалыпты жағдай», – деп түсіндірді синоптиктер.

Сонымен қатар мамандар алдағы күндері аймақта күн суытуы мүмкін екенін айтты.

«Болжамға сәйкес Риддер, Катон-Қарағай сынды тауылы аудандарда алдағы күндері жаңбыр және қар түрінде жауын жауу күтіледі, күн суытып, үскірік жүруі ықтимал», – деді синоптиктер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.