Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда көшеде түкірген азматтарды бейнебақылау камералары арқылы анықтайды

0 248

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі түкірген азаматтардың бейне бақылау камералары арқылы анықталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін астана мәслихатының депутаттары түкіру үшін жазаны қатаңдатуды сұраған. Сөздерінше, бұл шара тәртіп бұзушылықтар санының азаюына әсер етеді.

«Көшеде және қоғамдық орында түкіруге және қоқыс шашуға болмайды. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық орында және көшеде түкіру қаланың әсемдігін құртып қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына себеп болады», – делінген хабарламада.

Осы сынды тәртіп бұзушылықтың куәгері болған тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Сөзін растау үшін фото немесе видео ұсыну қажет.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.