Қалалық қоғамдық-саяси газет

150 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді: Мусин «ЯндексGO» басшысынан таксистерді жұмысқа алу тәртібін өзгертуді сұрады

0 385

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «ЯндексGO» басшысы Александр Аникинмен кездесіп, таксистерді жұмысқа алу тәртібін өзгертуді сұрады. Белгілі болғандай, сервисте 150 мың қазақстандық жұмыс істейді екен, бірақ олардың құқықтары қорғалмаған. Кездесуде сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Кездесуге басқа да министрліктердің өкілдері шақырылды. Қазіргі таңда Яндекс платформасында 150 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Көбіне бұл кісілер әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған, себебі олар тіркелген таксопарктердің кейбірі тиісті салық пен аударымдарды төлемейді.

Жұмыспен қамтамасыз етудің платформалық нұсқасы кең таралып жатқандықтан, мемлекет осындай платформалар арқылы табыс табатын азаматтарды қолдау жағын ойластыруы керек”, – деді Мусин Instagram парақшасында.

Енді жүргізушілерде платформаға тікелей тіркелу мүмкіндігін болады, сонда мемлекет оларды әлеуметтік тұрғыда қорғай алады.

Министрдің сөзінше, қазір «ЯндексGO» 63 қазақстандық таксопаркпен жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ Мусин компания басшысымен ЯндексGO қосымшаcын пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін бірінші орынға қою мәселесін талқылады.

“Қосымшада тіркелген жүргізушілерді сәйкестендіру және олардың құжаттарының дұрыстығын тексеру маңызды. Ол үшін биометриялық жүйені қолдануға болады. Бұл не үшін керек? Мәселен, біреулердің жүргізуші куәлігі жоқ немесе бөгде адамдар арқылы тіркелу оқиғалары кездеседі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан инватакси қызметін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды. Жалпы, осы мәселелерді жан-жақты қарастырып, барынша тиімді шешімдер мен тәсілдер іздестіретін болдық”, – деді министр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.