Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандықтар жүлде қорын толықтырды деп хабарлады turkystan.kz.
Исламиадада қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен ойын көрсетіп жатыр.
Суға жүзуден баттерфлэй әдісімен 50 метрге жарысуда Әділбек Мусин алдына жан салған жоқ. Ол Ислам ынтымақтастығы ойындарының рекордын жаңартты. Сондай-ақ Қазақстан рекордына да түзету енгізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтижеге қол жеткізген еді. Көрсеткіші – 53,20 секунд.
Еске салсақ, бұдан бұрын кикбоксингтен қазақстандық спортшылар үш «алтын» алды.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті. Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8-18 тамыз аралығында өтеді.