Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аптап ыстық, тұман: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

0 241

Ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 18 тамызда Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20 м/с болады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.