Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыдағы жеке меншік мектепте зорланған оқушыға қатысты іс расталмады

0 76

Алматыдағы жеке мектептердің бірінде болған 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат расталмады. Бұл туралы бүгін білім ошағының директоры полиция департаментінің берген жауабымен мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, жоғары сынып оқушылары зорлық көрсетті деген баланың әкесі мұғалімдер мен мектеп басшылығына жала жауып отыр. Білім мекемесінің басшысы полицияның бұл жағдайды растамағанын айтты.

“Біз полиция бөліміне бірнеше рет жүгіндік. Сонымен олардан бізге берілген ақпарат пен фактілердің барлығы жалған деген. Біз оларды жала жапқаны үшін құқық қорғау органдарына тапсыра аламыз”,- деді мектеп директоры Бахытжан Нұрматова.

Бұл туралы баланың ата-анасы шағымданған болатын. Олар ұлын жоғарғы сынып оқушыларының дәретханада пышақпен қорқытып, бірнеше рет зорлағанын айтқан болатын.

Еске салсақ, 1-сынып оқушысының әкесі оқиғаның мән-жайы туралы айтып берген еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.