Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бірнеше жігіт зорлаған жетім қыз 10-қабаттан секіріп кетті

0 224

Павлодарда 16 жастағы Балалар үйінің тәрбиеленушісін үш жігіт зорлаған. Азғындыққа шыдай алмаған жасөспірім 10-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Экспресс К

Қайта Құдай сақтап, студент қыз аман қалды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Ішкі істер министрлігіндігелер бұл оқиға бойынша күдіктілер қамауға алынғанын мәлімдеді. Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Раша Өтеуов тиісті сараптамалар тағайындалғанын айтты.

instagram.com/qriim_mvdrk

«Кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі, 121-бабының 3-1-бөлігі және 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу ерекше бақылауда», — деді ведомство басшысының орынбасары.

instagram.com/qriim_mvdrkinstagram.com/qriim_mvdrk
instagram.com/qriim_mvdrk

Айта кетейік, жаға ұстатарлық оқиға 9 шілде күні болған. Жәбірленуші қыз — колледж студенті, бүгінде жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі. Туған әпкесі екеуі балалар үйінде тәрбиеленген.

16 жасар қыз танысының туған күніне барып, алайда ондағы орта ұнамаған соң тұрмыстағы әпкесінің үйіне бармақ болған. Осы кезде жолда әпкесінің сыныптасын кездейсоқ көріп қалады. Ол такси шақырып беретінін айтып, өзімен бірге баруға көндіреді. Оның жанында екі жігіт болған.

Үш жігіт студент қызды пәтерге алдап алып кіріп, зорлаған екен. Азғындардың бұл әрекетіне шыдай алмаған қыз 10-қабаттан секіріп кеткен. Аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген ол ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатқан. Күні бүгінге дейін ауруханада жатыр. Бірнеше рет операция жасалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.