Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова көпшіліктің назарын аударғанды жақсы көреді. Бұл жолы оны тойханаға жігіттер көтеріп кіргізді, деп хабарлайды Экспресс К.
Блогерді тойдың үстінде көтеріп кіргізген. Сосын ол екі жігітпен ортада биді қыздырған.
«Осының істемейтіні жоқ», «Алла сақтасын» «Болашақ жастарға не үлгі?», «Мұндайларға мән бермеу керек, сол кезде ұмытылып қалады»,
Бұған дейін оның «Хан» лақап есімімен танылған тамада, бапкер әрі блогер жігіт тастап кеткен болатын. Ол Салтанатқа сезімі «қурап қалғанын» айтқан.
Сонымен қатар блогердің 14 көлік мінгенін айтып, мақтанғанын жазғанбыз.
Айтпақшы, Салтанат Аманқосованың «талай жігітті еміздім» деп елді шулатқаны тағы бар.