Қалалық қоғамдық-саяси газет

Енелер құйрықты қысып отырса, балалар бақытты болады – асаба

0 357

Тойда құдағилар туралы тілек айтқан асаба жұртты күлдірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде тараған Алматы облысындағы тойдың видеосы, жұртты қыран-топан қылды. Онда асаба құдағилар туралы қалжыңдап, жастардың бақыты үшін не істеу керек екенін бір имамның тілегі арқылы жеткізеді.

Молданың айтуынша, құдағилар семіз әрі құйрықты қой сойып, етін мұң-мұқтаж, жетім-жесірлерге таратып, құйрығын алып қалу керек. Сосын оны шаңырақ көтеріп жатқан ұл мен қыздың аналарының ортасына қойып, иықпен қысуы қажет.

Сөйтіп бір сағат өтеді, үш сағат өтеді. Бір кезде қыздың анасы имамға қарап, «мына құйрықты қысып қашанға дейін отырамыз?» депті. Сол кезде дін өкілі «екеуіңіз өмір бойы құйрықты қысып отырсаңыздар, балалар бақытты болады» депті,

— дейді асаба.

 

Видеоға пікір жазғандар «дұрыс айтылған, әсерлі әңгіме» деп қолдап жатыр. Ал біреуі асаба туралы да жаза кетіпті.

Бұл тамада Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылының Марат есімді тұрғыны,

— дейді желі қолданушысы.

Бұған дейін «келіннің табысы енеге тиесілі» деген әйел көпшіліктің сынына қалған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.