Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

0 227

16 тамыздағы ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың батысында 35 градус ыстық сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысы мен шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының батыс бөлігінде солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні 25 м/с болуы мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.