Қалалық қоғамдық-саяси газет

Есірткіге мас болған: Атырауда полицейлердің көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды

0 168

Атырауда полицейлер есірткіге мас күйде көлік жүргізген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13 тамызда сағат 21:03 шамасында Атырау қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде Бейбарыс – Молдағұлова көшесі бойында мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ және алдыңғы екі бүйір терезесі қараңғылатылған ВАЗ автокөлігін байқап, тоқтатпақшы болған. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тек Махамбет көшесінде кедергі келтіру арқылы тоқтатылады.

Көлік тізгінінде 33 жастағы қала тұрғыны болған. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені және есірткі заттарын қабылдап, рөлге отырғаны белгілі болды.

«Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі («Алкогольдік немесе есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық мас күйде көлік басқару»), 590-бабы 2-бөлігі («Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару») және 613-бабы 1-бөлігі («Полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау») бойынша

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.