Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында жарылыс болып, бір адам қаза тапты

0 181

Ақмола облысында белгісіз заттың жарылуы кезінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облыстық ТЖД мәлім еткендей, 14 тамызда Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында әкелінген көмірді сұрыптау кезінде белгісіз заттың жарылуы орын алып, нәтижесінде оқиға орнында 41 жастағы үйдің иесі қаза тапты. Бұған қоса оның 45 жастағы ағасы мен 4 жастағы немере інісі ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізуде. Оқиға орнына ТЖД 2 қызметкері және 1 бірлік техника, жедел тергеу тобының 10 қызметкері және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.