Әлеуметтік желіде Махачкалада түсірілген видео қызу талқыға түсті. Кадрлардан терезеден шығып билемек болған қыздың жол үстіне құлап кеткенін көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жол талғамайтын көліктің терезесінен шыққан қыз билеп, артқа қарай иіле бергенде құлап кетеді. Кейін бірден орнынан тұрып, көлігіне қайта отырады.
Оқиға Махачкала қаласындағы Акушинский көшесінде болған. Ішкі істер министрлігінде бұл жағдайдан кейін көлік жүргізушісінің жауапқа тартылатынын мәлімдеген.
«Қыз билемек болып құлап кеткен көліктің жүргізушісі анықталып, Махачкала қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді», – делінген хабарламада.
Көлік жүргізушісі сол күні болған оқиғаға қатысты жауап беріп, енді мұндай жайттың қайталанбайтынын мәлімдеген. Алдағы уақытта жүргізушінің әрекетіне қатысты құқық баға беріледі.