Қалалық қоғамдық-саяси газет

Римде жер астынан жол қазып, банк тонамақ болған ұрының өзін құтқаруға тура келді

0 430

Италияның Рим қаласындағы Аурелио ауданында ұрылар жер астынан жол қазып, банк тонамақ болған. Алайда туннельдің топырағы опырылып, ұры жер астында қалып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап. 

Ватиканнан бес минуттық жердегі Аурелио ауданының тұрғындары бірнеше апта бұрын телефон желісі мен жарықтың түнгі уақытта өшіп қалатынын байқаған. Жиі қайталанған соң тұрғындар полиция шақырыпты. Алайда тәртіп сақшылары келгенде барлығы қайта іске қосылған.

Анықталғандай, ұрылар банкке қарама-қарсы ғимаратты жалға алып, жертөлесінен банк қоймасына дейін жол қазбақ болған. Қылмыскерлер 15 тамызда мейрам қарсаңында Рим көшелерінің босайтынын да есепке алған.

Жол қазған ұрылыр туннельдің қабырғаларын бекітпеген. Салдарынан топырақ опырылып, ұлылардың бірі жер астында қалып қойған. Сыбайластары өз беттерінше шығара алмағандықтан, құтқарушыларды шақыруға тура келіпті. Бастапқыда құтқарушылар мұны қалжың деп ойлаған. Оқиға орнына келген соң жер астынан шыққан дауыстарды естіген.

Ұрыны шығару үшін тағы бір жол қазуға тура келген. Ал құтқару операциясы 8 сағатқа жалғасты. Кейін ұры ауруханаға жеткізілген.

Ал оның сыбайластары көп ұзамай қолға түсті. Себебі жалға алынған бірінің атына рәсімдесе, екіншісі ұялы телефонымен құтқарушыларды шақырған. Тіпті оқиға орнынан қашып кетпей, сыбайластарын құтқарған кезде бақылап тұрған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.