Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте көпірдің астын паналаған қарияның туыстары іздестіріліп жатыр

0 221

11 тамызда Еңбекші ауданында еріктілер жадынан айырылған қарияны тапты. Ол өзінің есімі, жасы мен өзге де ақпараттарды айтып бере алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап. 

Қарияның көшеде қанша уақыт ас-сусыз жүргені белгісіз. Ол өз бетінше жүре алмайды.

«Біз оны көпірдің астынан таптық. Арып-азып кеткен, толық ештеңе айта алмайды. Тағы бір апта осылай жүрсе, не боларын да білмейміз. Жедел жәрдем шақырып, алдымен Фосфор ауруханасына жатқызды. Бірақ дәрігерлер оның дені сау екенін, мүмкін анемиясы бар екенін айтты. Терапевттік бөлім болғандықтан жатқыза алмайтынын айтты. Көшеде өліп қалуы мүмкін. Жақын туыстары табылғанын қалаймыз. Бұл жерге қалай тап болды? Жақындары табылса екен”, – деді Лидер еріктілер қозғалысының жоғалған адамдарды іздеу бойынша координатор Люмила Герасимова.

Еріктілер қарияның туыстарын БАҚ арқылы тапқысы келеді. Ұйымның телефон нөмірі: 8 777 679 18 24.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.