Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ер адам отбасылық жанжалдан кейін өтіп бара жатқан 11 адамды атып тастаған

0 188

Черногориядағы Цетине қаласында 34 жастағы ер адам 11 адамды өлтіріп, тағы алтауын жаралаған деп хабарлады turkystan.kz.

Қайғылы оқиғаның алдында отбасылық жанжал болған. Содан кейін қаскүнем көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан адамдарға кездейсоқ оқ ата бастаған.

Жергілікті ақпарат құралдары зардап шеккендердің арасында балалар бар екенін айтты. Бір полицейдің басына оқ тиген.

Құқық қорғау органдарымен болған атыс кезінде қылмыскер де қаза тапты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.