ҚМА елордалық департаменті «Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаске бастығы мен оның орынбасарына қатысты «Тұлпар-Тальго» пойыз басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу дерегін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚМА мәліметінше, «Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған.
«Барлығы 27 жағдай анықталды. Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді», – делінген хабарламада.