Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүректерге жылу сыйлаған «Жұлдыз»

0 266

Биыл COVID-19 індетіне байланысты екі жыл үзілістен кейін «Қазфосфат» ЖШС «Жұлдыз» сауықтыру балалар лагерінің жұмысы қайта жанданды. Осыған орай, зауыт құрылысшылары жазғы маусым алдында балалар тұратын үйшіктерді, асхана мен шығармашылық үйін ағымдағы, ал бассейнді күрделі жөндеуден өткізген.
Ұзақ уақыт үзілістен кейін қызықты демалысты сағынған балақайлардың жазғы уақытын тиімді өткізуі мақсатында олар үшін барлық жағдай жасалды. Мәселен, демалушылар 5 мезгіл тамақпен қамтылып, олар үшін би, шахмат, бейнелеу өнері, гимнастика, тіл курстары секілді бағыттарда үйірмелер ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде балаларды тек демалып қана қоймай, білімін арттырып, шығармашылық тұрғыда дамуларына жол ашты.
Балдырғандардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары, өрт және медициналық қызмет тәулік бойы бақылау жүргізіп отырды.
Бірінші маусымда (01.07. 14.07.2022 ж.) лагерьде 232 адам демалды, олардың алтауы жетім балалар. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 177 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Ал екінші маусымда(17.07. 30.07.2022 ж.) демалыс орнына 280 балақай келді, олардың бесеуі-жетім балалар. Оларға 193 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Сол секілді үшінші маусымда (02.08. 15.08.2022 ж.) лагерьде 232 адам демалды, олардың біреуі жетім. Балаға 40 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Әр балаға жалпы сомасы 1 401 170 теңге сыйлық берілді.
Балалардың демалысын ұйымдастыруға арналған барлық іс-шараларға «Қазфосфат» ЖШС шамамен 130 млн. теңге бөлді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.