Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразға тағы жаңа автобустар келді

0 148

Тараз қаласында қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Биыл да аталған шаралар өз жалғасын тауып,  облыс орталығының тұрғындарын тасымалдауға арналған тағы 10 автобус келді.  «Golden dragon» маркалы жолаушылар көліктері №9 бағытта қатынайды.

Әрқайсысы 56,5 миллион теңге  тұратын автобустардың кілтін  жүргізушілерге облыс әкімі Нұржан Нұржігітов табыс етіп, сәт сапар тіледі.

«Сity-bus» ЖШС-не тиесілі қоғамдық көліктердегі орындық саны – 37, сыйымдылығы – 150 жолаушыға арналған. Қоғамдық көліктердің  ерекшелігі – пандустармен жабдықталған, едендері төмен орналасқан. Ішінде бейнебақылау камералары, автоматты хабарлау құралы орнатылған. Темір тұлпарлар Талас ауылынан бастап, Шаңырақ алқабына дейін қатынайды.

Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.