Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Техниканың ескіргенін 6 ай бұрын айтқанмын»: Тараздағы жарылыстан кейін командирдің міндетін атқарушы 15 жылға сотталуы мүмкін

0 798

Жамбыл облысындағы жарылыс болған әскери бөлімде уақытша командирдің міндетін атқарған азамат енді 15 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Оған қызметіне салғырт қарады және қару-жарақты сақтау, қолдану тәртібін бұзу баптары бойынша айып тағылған. Бірақ 35 жастағы ер адам өзінің кінәсіз екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Аслан Бақытжановтың сөзінше әскери бөлімде ескертуге арналған техникалар ескіріп кеткен. Бұл туралы ол басшылыққа мәлімдеу үшін 6 айда 8 рет хат жазған. Алайда мұны ешкім елемеді, дейді.

“Мен ол әскери бөлімде отырып түк істемесем, мәселелерді біле отырып ешқайда жазбасам, көрмесем, онда кінәлауға болады. Бәрін жарылысқа дейін алдын ала жазып отырдық. Болмағаннан кейін әскери прокуратураға дейін жаздық. Неге соның бәрін орындалмайды?” – деді Аслан Бақытжанов.

Енді техниканың ескіргені үшін 35 жастағы азамат кінәлі болып отыр. Қоймадан шыққан түтінді алдын ала байқау мүмкіндігі болмай, арты жойқын жарылыстарға ұласқан.

Бақытжанов дәл осы үшін айыптап, 15 жылға түрмеге жабу “нағыз бассыздық» дейді. Сондықтан ол істі әділ қарауды талап етеді. Оның сөзінше, қару-жарақ қоймасындағы жарылысқа екі сарбаз күдікті деп танылған. Қазір оларға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.