Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Elge Qaitaru» қоры Қазақстан байлығын иеленген 162 адамның аты-жөнін атауды талап етті

0 111

Саясатқа қайта оралған кәсіпкер Болат Әбілов мен қаржыгер Оразалы Ержанов Қазақстаннан ұрланған қаржыны кері қайтаруды көздейтін «Elge Qaitaru» қоғамдық қорын құрған болатын. Жаңа қор президент Тоқаев атаған «Қазақстан байлығының жартысынан көбін иеленіп алған 162 адамның» аты-жөнін атауды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық қор мүшелерінің айтуынша, халықаралық сарапшылардың әр жылдары Қазақстаннан 85-тен 167 миллиард долларға дейін заңсыз шығарылғанын алға тартқан. Global Financial Integrity (GFI) зерттеуі тек 2004-2013 жылдар аралығында елден 167,4 миллиард доллар шығарылғанын айтады.

“Қасым Жомарт Тоқаев мырзаға БАҚ арқылы жүгінгім келеді. Ел байлығының жартысына иелік ететін 162 отбасының аты-жөнін айтуды талап етемін. Әр отбасы өз капиталының қайдан келіп жатқанына есеп беріп, өздеріне тиесілі активтері, қаражаттары мен мүліктерінің заңдылығын дәлелдеуге тиіс. Тіпті, біз Forbes Kazakhstan журналындағы тізімнен 70 пайыз адамның бір күнде бизнеспен айналыспағанын көре аламыз. Барлық ондықтың ішінен Назарбаевтың жақындары мен туыстарының есімін көреміз. Ал одан кейін мүлде белгісіз адамдар тізімі шығады”, – дейді Болат Әбілов.

Биыл қаңтарда ірі бизнес өкілдерімен кездесу кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан байлығының жартысынан астамы 162 адамның қолында» деген болатын. «Elge Qaitaru» қоры өкілдері президент осы 162 адамның есімін атауды, олар өздері иелік ететін дүние-мүліктің заңды жолмен табылғанын дәлелдеуі керек деп отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.