Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отан алдындағы борышыңды өтеуден бұлтарма!

0 145

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Сізге Тараз қаласы қорғаныс жөніндегі басқармасына (Тараз қаласы, Абай даңғылы, 144А, №9 кабинет) келуіңіз қажет.
ЖӘБО-на шақыртуы бойынша келмеген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 647-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылатындығыңызды ескертеміз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №620 «ҚР азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 12-бабына сәйкес «Әскерге шақырудан қасақана жалтарған, сондай-ақ азаматтардың әскерге шақыру пунктеріне уақытылы келуіне кедергі келтірген адамдарға материалды тарту үшін тиісті органдарға берілетінін» ескертеміз.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.

647-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы

Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтініш пен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

648-бап. Медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтару

1. Азаматтарды әскери есепке қою жөнiндегi комиссияның немесе әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтару әскери мiндеттiлерге бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал әскерге шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.