Үкімет қаулысымен 10 тамыз- Абай күні болып бекітілді. Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының туғанына биіл 177 жыл толып отыр.
Енді бұл күн мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Сондай-ақ жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтеді. Осыған орай шаһарымыздағы Абай ескерткішіне өңір белсенділері мен зиялы қауым өкілдері және қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмал гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынның рухына тағзым етті.
Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ