Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда екі көше жартылай жабылады

0 137

11 тамыздан бастап Шәкәрім және Есенжанов көшелерінің қолданыстағы қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі деп хабарлады turkystan.kz.

Батыс бағытта Есенжанов көшесі бойымен Брусиловский көшесінен Тілендиев көшесіне дейін, ал шығыс бағытта Шәкәрім көшесі бойымен Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін бір бағытты көлік қозғалысы қарастырылған.

Бұл шаралар қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде аталған аудан тұрғындарының өтініші негізінде, сондай-ақ көліктердің өткізу қабілетін арттыру және апатты жағдайларды азайту мақсатында қолға алынды.

Жұмысы қалалық мобилділік басқармасы уәкілетті орган Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірге жүргізеді.

«Өзгеріс енгізілуіне байланысты қозғалыс бағыттарын алдын ала белгілеуді және ҚР жол қозғалысы ережелерінің бүкіл талаптарын сақтауға кеңес береміз», – деп ескертті әкімдік қызметкерлері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.