Қалалық қоғамдық-саяси газет

Есірткі сатқан павлодарлық тұрғын 10 жылға сотталды

0 223

Павлодар тұрғыны интернет арқылы аса ірі көлемде есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктіні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері ұстап, оған ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды.

«Сот үкімімен 25 жастағы павлодарлық интернет ресурстары арқылы аса ірі көлемде есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қала тұрғынынан сатуға арналған 78 грамнан астам тыйым салынған заттар тәркіленді. Есірткі полиэтилен пакеттерге салынып, оқшаулағыш лентамен оралған. Сотталушы синтетикалық есірткілерді сақтап, содан кейін оларды жасырын орындарға орналастырған. Өзінің «жұмыс берушісін» олардың орналасқан жері және салынған есірткінің мөлшері туралы фотоға түсіру арқылы хабардар еткен», – делінген ресми хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.