Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Киров» су қоймасынан тасталатын су көлемі уақытша азайды

0 200

2022 жылдың 3 тамызынан бастап Қырғыз Республикасы «Киров» су қоймасына тасталатын су көлемін азайтты. Бұл жағдайды қырғыз тарапы Талас ауданына қарасты Уч-Корган елді мекенінің маңын Талас өзенінің шайып кетуімен байланыстырады. Елді мекенге айтарлықтай қауіп төніп тұрғандықтан Талас өзенінің аталған тұсында жағалауды бекіту және нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қырғыз Республикасының ресми хабарламасында екі күн аз су берілетіні айтылған. Алайда 5 тамыз күні түнде жіберілген суды қайта жауып тастады. Өйткені жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілгенімен, елді мекенге су қайта кете бастаған.
Бүгінде Талас өзеніне жеткілікті мөлшерде су жіберілмеуінің салдарынан Жамбыл және Байзақ аудандарының шаруа қожалықтары тіршілік нәрінен қағылып отыр.
Сонымен қатар, Талас өзенінде тұрған Жамбыл ГРЭС-і су беру тоқтағандықтан, өз жұмысының жартысын тоқтатуға мәжбүр болды. Сондықтан Аса-Талас каналы арқылы аталған мекемеге су жіберіліп жатыр.
«Киров» су қоймасынан уақытша су беруді азайту мәселесі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облыстық филиалының тұрақты бақылауында. Қалыптасқан жағдайға байланысты облыстық филиал директоры Қазыбек Бедебаев «Киров» су қоймасына барып, қырғыз тарапымен келіссөздер жүргізді. Алдағы күндері «Киров» су қоймасынан жіберілетін судың көлемі қайта ұлғаюы тиіс.
Өз кезегінде диқандарға жағдайға түсіністікпен қарап, мәселені ушықтырмауды сұранамыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.