Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтау жағалауында бала қоршалмай қалған шұңқырға құлап кетті

0 184

Ақтауда кішкентай бала 15-ші шағын ауданда жабылмай, ашық қалған шұңқырға кұлап кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша бала зардап шекпеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inAktau.kz порталына сілтеме жасап.

Болған оқиғадан соң тұрғындар шұңқыр бетін ағаш палетпен жауып қойған.

Қала әкімшілігі шұңқырдың жауын шашын мен топырақтың шөгуі салдарынан пайда болғанын айтты.

«Қала әкімдігінің мердігер ұйымы шұңқырды қысқа мерзімде қалпына келтіреді. Шілде айының соңында жауған нөсер топырақтың шөгуіне себеп болған», – деп хабарлады Ақтау әкімдігі.

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.