Қалалық қоғамдық-саяси газет

Батыс Қазақстан облысында мессенджерлер арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасы анықталды

0 111

Қаржылық мониторинг агенттігінің батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мессенджерлер арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тарта отырып, «BINCLOUD» қаржы пирамидасы ұйымдастырғаны анықталды.

«BINCLOUD» бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады”, – делінген агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады.

Агенттік «BINCLOUD» бағдарламасына қатысып, зардап шеккен азаматтардан Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.