Қалалық қоғамдық-саяси газет

«СК-Фармация» басшысы қанша жалақы алатынын айтты

0 345

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер еліміздегі дәрі-дәрмек сатып алатын бірыңғай дистрибьютордың басшысы айына қанша алатынын сұрады.

«Қолыма 1 404 000 теңге аламын», – деп ол қысқаша қайырды.

Өткен жылы Ерхат Есқалиев жалақысы 1 300 000 теңге екенін хабарлаған болатын.

Ол «СК-Фармация» ЖШС басшысы қызметіне Берік Шәріп қызметінен босатылғаннан кейін 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.