Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өңірдегі эпидахуал жіті бақылауда

0 480

Жаһанды жайлаған қауіпті кесел сәл саябырсып, карантиндік шектеулер алынып тасталғанымен, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Себебі аты жаман ауру соңғы күндері қайтадан күшеюде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жалпы COVID-19 індетінің бүгінге дейін 28 384 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 2466,0 құраған. Ал пневмонияның 8661 жағдайы анықталған. Сондай-ақ өткен тәулікте дерттің 41 жағдайы анықталған. Бір қуанарлығы, пневмонияның ешбір дерегі тіркелмеген. Облыс бойынша бүгінге дейін 26 784 азаматтың сауығып шығуы да көңілге медеу. Тағы бір айта кетерлігі, инфекциялық стационарда 100, жансақтау бөлімінде 6 науқас ем қабылдауда екен. Осы көрсеткіштердің өзі облыстағы эпидахуалдың жіті бақылауда екенін аңғартады. Десек те, босаңсуға болмайды. Сол үшін саулық сақтықта екенін естен шығармағанымыз жөн.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.