Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемір-Бәйдібек би тас жолында 30 жастағы әйел басқарған көлік ағашқа соғылды. Қатты соққыдан автокөлік екі бөлікке бөлініп кетті деп хабарлады turkystan.kz.
Жол апатынан 2 бала қаза тапты. Ал «Mitsubishi Space Wagon» көлігін басқарған жүргізуші мен 3 жасар бала ауруханаға жатқызылды.
Аталған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.