Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әділ сот»: Әсел Айтбаеваның анасы Мейірбековтің үкіміне қатысты пікір білдірді

0 222

Былтыр Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі бойынша қамауға алынған жалғыз күдікті 15 жылын абақтыда өткізеді. 3 тамызда Нұр-Сұлтан соты Мұрат Мейірбековке осындай үкім шығарды. Ол «Адам саудасы» және «Зорлау» деген екі бап бойынша айыпты деп танылған, деп хабарлайды Stan.kz

Прокурорлар да соттан бір жылдан бері түрмеде отырған Мейірбековті 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ марқұм Әсел Айтбаеваның әке-шешесіне бес-бес миллион теңгеден өтемақы беруді талап еткен болатын. Судья оны қанағаттандырды. Сот залына судьядан бөлек, жәбірленуші мен қорғаушы тарап қана кіргізілді. БАҚ өкілдері үкімді онлайн форматта тыңдады.

Тергеу 26 жастағы қыздың қорлыққа шыдамай терезеден секіріп кетті деген қорытынды шығарған. Өлер алдында ол жақындарына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Хабарламадан ер адамның қызға қоқан-лоқы көрсеткенін естуге болады.
Грузия полициясы Әселді зорлады, өзін-өзі өлтіруге мәжбүрледі деген күдікпен 56 жастағы Бесик Тордуаны ұстаған еді. Алайда басты күдікті бірнеше айдан соң түрмеде қайтыс болды. Айтбаевтар отбасы қызының өліміне туысы Мейірбековті де кінәлап, бір жылдан бері әділдік іздеп шарқ ұрған. Олар үкіммен келісіп отыр.

«Әділ сот. Расымен, судья мен қалаған үкімді шығарды. Алайда ішім бәрібір бос. Қызымды кері қайтара алмаймын», – деді Айсұлу Айтпаеваның анасы Айсұлу Айтбаева.

«Әрі қарай Әсел Айтпаеваға тиесілі жеке заттардың беруін күтуіміз керек. Біздің елшілік бұған барынша көмектеседі деп күтеміз. Осыдан кейін іс бойынша Грузияға барамыз. Бар күшімізді саламыз», – деді адвокат Сайда Сүлейменова.

Сот материалдарына сәйкес, Мейірбеков Айтбаеваға Грузияда

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.