Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мойындарында 9 миллион несиесі бар»: Қорғаныс министрлігі сарбаздар арасындағы суицидтің себептерін айтты

0 501

Қазақстанда 5 айдың ішінде 4318 аяқталған суицид тіркелді. Оның ішінде Қарулы күштерге жататыны – төртеу, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

«Сондай-ақ суицид жасауға оқталған жағдай 4942. Қарулы күштерге 7 жағдай жатады. Бұл 0,1 пайыз. Бұл статистикамен алданып отыру деген сөз емес. Бізде суицидті азайту бойынша арнайы топ құрылды. Бұл – өте маңызды мақсат. Қарулы күштерде адамдар қарумен жұмыс істейді. Жазатайым оқиғалар да болуы мүмкін», – деді ол.

Ахмадиев айтуынша, бұл салада кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Кешенді жұмыс тобына біздің министрлікпен қоса, өзге министрлік өкілдері мен азаматтық қоғам өкілдері кіреді. Осыған дейінгі бірнеше жылдық оқиғаларға зерттеу жүргізіп, себептерін зерделейді. Ай сайын жеке құраммен әңгімелесулер өткізіледі. Одан бөлек цифрландыру бойынша да бейнебақылау орнату, олардың даладағы көріністерін бақылайтын камера мен қолдарына электронды білезік тағу сынды бастамаларды қарастырылып жатыр. Психологиялық тест арқылы олардың суицидке бейімділігін де қараймыз», – деді ол.

Қорғаныс министрлігінің орынбасары суицидке баратын солдаттар туралы пікірін білдірді.

«Әскерге 18 жастағы жастар келеді, олардың мойнында сол кезде 9 млн несие  тұрады. Бұл тұрмыстық несие де болуы мүмкін. Бұдан бөлек  басқа да әлеуметтік жағдайлар болады. Әрбір жағдай ерекше, сондықтан оны жеке қарастыру керек. Бұл адамның өмірі болғандықтан, осы үшін деп жеңіл болжай салуға болмайды», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.