Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жастар неге тез пісетін тағамдарға әуес?» – Ғалым жауап берді

0 350

Қазір  көпшіліктің газдалған су, тез пісетін тағамдар және тәттілерге әуес екені жасырын емес. Әсіресе, жастар оның адам ағзасына қандай зиян келтіретінін ескере бермейді деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов қазір жастар тез дайындалатын тағамдарды көп тұтынатынын айтып, алаңдаушылық білдірді.

«Жастарымыз неше түрлі пицца, гамбургер сынды тез пісетін тағамдардан шыға алмай жатыр. Егер халқымыздың денсаулығын жақсартамыз десек, ұлттық тағамдарымызды, соның ішінде құртымызды, шұбатымызды, айранымызды, ірімшігімізді, бауырсағымызды дәріптеуіміз керек. Бұл тағамдар қасиетінің кереметтілігі соншалық, сол арқылы біз талай қиыншылықтан аман қалғанбыз. Осы тағамдар арқылы ұлан-байтақ даламызға қол жеткіздік, алапат жауды жеңдік, араны кең аштыққа қарсы тұрдық…», – деп жазды ғалым Facebook-тегі парақшасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.