Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қашықтан оқу форматы енгізілмейді – Бас санитар дәрігер

0 354

Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңір “қызыл” аймаққа кірген жағдайда білім беру саласында енгізілетін шектеулер жайында айтты. Сөзінше, оқыту онлайн форматқа ауыспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Біріншіден – бұл санитариялық-зарарсыздандыруды күшейту, тазалық жүргізу жиілігін арттыру, кабинеттерді желдету, ауаны зарарсыздандыру. Сонымен қатар кіре берісте сүзгі орнатып, педагогтер мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеу қолға алынады”, – деді Айжан Есмағамбетов.

Бас санитар дәрігер қашықтан оқыту форматы енгізілмейтінін мәлімдеді. Дегенмен “қызыл” аймаққа өткен өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-аналар жиналысын өткізуге тыйым салынады.

“Балабақшаларда топтарды біріктіру арқылы өткізілетін іс-шараларға тыйым енгізіледі. Мектептерде жоғары, орта және төменгі сынып оқушыларын бөлектеу жүргізілуі мүмкін. Бұл оларды мүмкіндігінше бір-бірімен кездеспеуі үшін жасалады. Естеріңізде болса, бастауыш және жоғары сыныптар үшін бөлек кіре беріс ұйымдастырған едік”, – деді бас санитар дәрігер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.