Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында колония қызметкерлеріне жасалған шабуыл: Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде

0 217

Жамбыл облысы денсаулық сақтау бөлімінің өкілдері Таразда зардап шеккен колония қызметкерлерінің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма мәліметінше, 1 тамызда 08:39-да жедел жәрдем қызметінде ЖД-158/7 мекемесінен қоңырау түскен. Мекемеге екі жедел жәрдем бригадасы барған. Мекеменің медицина қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен, олар облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Оларды шұғыл түрде Тараз жедел көмек көрсету ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер бірден ота жасады», – деді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әскет Қалиев.

Басқарма өкілдері зардап шеккендердің екеуінің жағдайы орташа ауыр, біреуінікі тұрақты екенін қосып өтті.

Еске салайық, Жамбыл облысында абақтыда жазасын өтеп жатқан сотталушы колония әкімшілігінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.