Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мұздатқышта екі мәйіт жатты, біз фильм түсірдік»: Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалы жайлы айтты

0 419

Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалының түсірілімі жайлы айтты. Кинокартинада басты рөлді сомдаған актер алғашқы күні мәйітханада болып, рөлінен бас тартқысы келгенін мойындады. Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Түсірілімнің бірінші күні кетіп қалсам ба деген ой бес рет келді. Өте ауыр болды. Таңертең бастадық. Бірінші локация – мәйітхана. Кірсек, мұздатқышта екі мүрде жатыр, ал біз сол жерде фильм түсірдік.

Кешкі сағат 5-те түскі асты алып келді. Жылағым келді. Кетіп қалайын ба деген ой келді. Кешіріңдерші, бірақ мен шыдай алмайды екенмін, кете берейінші, деп айтқым келіп тұрды. Кейін өзіме: «Жындысың ба? Өзің келісіп алдың. Еркек емессің ба? Өз-өзіңді тексеремін дедің. Не мынау? Дәлелде», – дедім. Артқа жол жоқ. Қаншама адамды аяқтан шалатын едім. Оның үстіне, басты рөл. Солай өзімді өзім еңсеріп, әрі қарай кеттік»,- деп ағынан жарылды актер.

Айтуынша, фильмге кастинг 4 ай бойы жүрген. Алғашқыда басты рөлге басқа актерді бекіткен. Кейін белгісіз себептермен кастингті қайта жариялап, Әбілмансұрды шақырған.

Актердің айтуынша, бұл фильм оған уақытты, достықты, махаббатты бағалауды үйретті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.