Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімізде екі ауданның атауы өзгереді

0 177

Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында екі ауданның атауы өзгереді деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Осакаров ауданының атауы өзгертіледі. Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы «Сарыбел» тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады.

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға «Тұран» атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. Сондай-ақ комиссия мүшелері мемлекеттік меншіктегі бірқатар объектілерге атау беру және қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді.

«Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.